Без рубрики — Страница 5 — КГУ «Средняя школа Тендик» КГУ «Отдел образования Тайыншинского района»
Без рубрики
КХ “AMANAT” Теңдік орта мектебінің оқушылары мен “Мерей” шағын орталығының тәрбиеленушілеріне “Наурыз” мерекесі мен “Ораза айтқа” тәтті сыйлықтарын табыс етті. Оқушыларға мерекелік көңіл күй сыйлаған демеушіміз Шоқан Орынбайұлына отбасына амандық,еңбегіне жеміс тілейміз.
059
КГУ «Средняя школа Тендик» КГУ «Отдел образования Тайыншинского района»
Без рубрики
2025 жылдың 29 наурызында Теңдік орта мектеп ұжымы республикалық «Таза Қазақстан» акциясын аясында ауыл ортасындағы ескерткішке сенбілікке белсене қатысты.
061
КГУ «Средняя школа Тендик» КГУ «Отдел образования Тайыншинского района»
Без рубрики
Бүгін мектебімізде 1-11 сынып арасында Наурыз мерекесі ерекше аталып өтті. Оқушыларымыз жаңару күніне мерекелік шара ұйымдастырып, салт-дәстүрімізді терең меңгергенін көрсетті. Мектеп толық ұлттық киім киіп,оқушылар әдемі әндерін шырқап,әсем билерін билеп,күй шертіп,Наурызкөжеден дәм татты.Қыстан аман-есен шығып, мал тұяғы көкке, аузымыз аққа ілініп, ұлтымыздың Жаңа жылы мектебімізде осылай тойланды. Барлығының көңіл-күйі керемет! Әсіресе, оқушылар қуанып жүр. Әріптестерімізді, ата-аналарды, шәкірттерімізді ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз. Жаңа жылымыз жаңа табыстарға жетелесін!
056
КГУ «Средняя школа Тендик» КГУ «Отдел образования Тайыншинского района»
Без рубрики
Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық ойындар ұлықталды. Бүгін мектеп оқушылары мен мұғалімдері ләңгі теуіп, асық атты. Садақ атып, арқан тартты.
061
КГУ «Средняя школа Тендик» КГУ «Отдел образования Тайыншинского района»
Без рубрики
ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!Ұлттық спорт түрлері — рухты көтеретін ойындар. Ежелден келе жатқан салт-дәстүр мен ойын түрлерін ұлықтап, болашаққа үлгі еткеніміз жөн. Бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік және тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту сынды түрлі ойындар бар. Бұл ойындар әсіресе, Наурыз мерекесінде кеңінен насихатталады. Бүгін – ата-бабамыздан мұра болған ұлттық ойындарды дәріптейтін ерекше күн!
055
КГУ «Средняя школа Тендик» КГУ «Отдел образования Тайыншинского района»
Без рубрики
Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да,салтанатты дәстүр.Наурыз мейрамы қарсаңында, мектепалды даярлық сыныбы бүгін Ұлттық киім күнінде оқушыларға шашу шашты.
035
КГУ «Средняя школа Тендик» КГУ «Отдел образования Тайыншинского района»
Без рубрики
Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жаңа атаумен — «Адал азамат» деп атауды ұсынды. Бұл — жай ғана атау ауыстыру емес, бұл – ел болашағына бағытталған ерекше мағынасы бар үлкен рухани бағдар. “Адал азамат”– біздің өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына сіңіруіміз тиіс ең асыл қасиеттердің жиынтығы. Президенттің дәл осы бағдарламаны назарға алып, атауына дейін мән беруі – біздің жұмыстың маңыздылығын көрсететін зор қолдау. Жаңа атаумен жаңаша тыныс алған бағдарламаның дәл осы рухани мерекемен үндесуі – болашаққа үміт пен сенімнің белгісі. “Адал азамат”– еліміздің ертеңгі тірегі. Осы бағдарлама арқылы біз ұлттық тәрбие жүйесін бекемдеп, нағыз ел жанашырын қалыптастырамыз. Бұл жолда әрқайсысымыздың атқарар рөлі ерекше, ал бірлігіміз – басты күшіміз.
030
КГУ «Средняя школа Тендик» КГУ «Отдел образования Тайыншинского района»
Без рубрики
🌷14 наурыз – Көрісу күні (Амал мерекесі) ☀️Бұл күні халық бір-бірімен көрісіп, амандасып, ақжарма тілектерін арнайды. Көрісу – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, ренішті ұмыттырып, адамдарды жақындастыратын дәстүр.
033
КГУ «Средняя школа Тендик» КГУ «Отдел образования Тайыншинского района»
Без рубрики
Құрметті Теңдік орта мектебінің ханымдары! Сіздерді 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке — сіздердің әдеміліктеріңізді, мейірімділіктеріңіздің мерекесі. Сіздер өміріміздің ең маңызды және нәзік жартысы болып табыласыздар. Барлық армандарыңыз орындалып, күндеріңіз қуаныш пен бақытқа толы болсын. Денсаулық, махаббат, табыс және жан тыныштығын тілеймін! Жаңа бастамалар мен жетістіктер көп болсын! Еңбектеріңзде шығармашылық табыстар тілейміз! 8 наурыз құтты болсын!
043
КГУ «Средняя школа Тендик» КГУ «Отдел образования Тайыншинского района»
Без рубрики
Теңдік орта мектебінде Аналар мерекесіне байланысты «Ана-өмірдің гүлі» атты мерекелік іс шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс шара қорытындысы ретінде мектептің жігіттер қауымы мен кәсіподақ атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.
039
КГУ «Средняя школа Тендик» КГУ «Отдел образования Тайыншинского района»