Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Президент өз сөзінде: «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», — деген еді. Ал еңбек адамы деген кім? Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам — еңбек адамы! Ол — дихан бола ма, ол — малшы бола ма, ол — жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі! Мектебімізде Теңдік елінде әр салада қызмет еткен еңбек ардагерлері Кенесбаева Қазиз Қожановна, Әлжан Бақыт Сұлтановна, Медеева Әлия Құнанбаевнамен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында еңбек ардагерлері өз мамандықтарының қыр-сырымен бөлісті. — «Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Теңдік орта мектебі» КММ

Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Президент өз сөзінде: «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», — деген еді. Ал еңбек адамы деген кім? Еңбек адамы дегеніміз, ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам! Өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам — еңбек адамы! Ол — дихан бола ма, ол — малшы бола ма, ол — жазушы бола ма, бәрібір. Маңдай терін салып жұмыс істеген әрбір адам – қадірлі! Мектебімізде Теңдік елінде әр салада қызмет еткен еңбек ардагерлері Кенесбаева Қазиз Қожановна, Әлжан Бақыт Сұлтановна, Медеева Әлия Құнанбаевнамен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында еңбек ардагерлері өз мамандықтарының қыр-сырымен бөлісті.

Достармен бөлісу
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Теңдік орта мектебі» КММ