Бүгін мектебімізде 1-11 сынып арасында Наурыз мерекесі ерекше аталып өтті. Оқушыларымыз жаңару күніне мерекелік шара ұйымдастырып, салт-дәстүрімізді терең меңгергенін көрсетті. Мектеп толық ұлттық киім киіп,оқушылар әдемі әндерін шырқап,әсем билерін билеп,күй шертіп,Наурызкөжеден дәм татты.Қыстан аман-есен шығып, мал тұяғы көкке, аузымыз аққа ілініп, ұлтымыздың Жаңа жылы мектебімізде осылай тойланды. Барлығының көңіл-күйі керемет! Әсіресе, оқушылар қуанып жүр. Әріптестерімізді, ата-аналарды, шәкірттерімізді ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз. Жаңа жылымыз жаңа табыстарға жетелесін! — КГУ «Средняя школа Тендик» КГУ «Отдел образования Тайыншинского района»

Бүгін мектебімізде 1-11 сынып арасында Наурыз мерекесі ерекше аталып өтті. Оқушыларымыз жаңару күніне мерекелік шара ұйымдастырып, салт-дәстүрімізді терең меңгергенін көрсетті. Мектеп толық ұлттық киім киіп,оқушылар әдемі әндерін шырқап,әсем билерін билеп,күй шертіп,Наурызкөжеден дәм татты.Қыстан аман-есен шығып, мал тұяғы көкке, аузымыз аққа ілініп, ұлтымыздың Жаңа жылы мектебімізде осылай тойланды. Барлығының көңіл-күйі керемет! Әсіресе, оқушылар қуанып жүр. Әріптестерімізді, ата-аналарды, шәкірттерімізді ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз. Жаңа жылымыз жаңа табыстарға жетелесін!

Поделиться с друзьями
КГУ «Средняя школа Тендик» КГУ «Отдел образования Тайыншинского района»