Ата-Аналарға арналған консультациялық пункт — «Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Теңдік орта мектебі» КММ

Ата-Аналарға арналған консультациялық пункт

                                    

     «Мерей» шағын орталығы

«Әлімжеттік және балалар қауіпсіздігі»
ата-аналармен семинар-кеңес

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                            Психолог: Шадетхан А.

 

 

Анықтама

«Әлімжеттік және балалар қауіпсіздігі» тақырыбында ата-аналармен семинар кеңес өтті.

Семинар алдында алғы сөзді мектеп  директоры Шаймерденов С.Д  бастады.

Ата-аналарға ерекше көңіл-күй сыйлау мақсатында көңілді әуен арқылы барлық ата-аналар педагогтармен амандасып шықты.Амандасуды белгілі бір суреттерді таңдау арқылы жасады.

Семинар бағдарламасы барысында мекеме психологы Шадетхан Айнур балабақшадағы балалар арасындағы әлімжеттік байқалған жағдайда тәрбиешінің және ата-ананың іс-әрекеті қандай болу керектігі және әлімжеттіктің алдын-алуда ата-ананың рөлі жөнінде кеңестер айтылды.

Тәрбиеш Урикбаева Ж. дудакаэр ойынымен семинар бағдарламасын жалғастырды.Арнайы суреттермен ата-аналар өздерінің ойларымен жеке пікірлерімен және бала тәрбиесіндегі лайфхактарымен бөлісті. Психолог  Шадетхан А. маман ата-анадан ақыл-кеңес сұрады. Ата-аналар арасынан өрт сөндіруші және медбике мен полиция қызметкерлерінен балалар қауіпсіздігіне байланысты ақыл-кеңестер мен нұсқаулар алынды.

Тәрбиеші Бекмуратова Нургүл  «Тәтті сұрақ-жауап» арқылы семинарды қорытындылады. Ата-аналарға арнайы сұрақтар бар тәттілер таратылды. Жылы лебіздер мен семинардан алған әсерлерімен ата-аналар бөлісті.

 

 

 

                                                                    Психолог: Шадетхан А.

 

  Семинар бағдарламасы

І. Амандасу

ІІ. Алғы сөз мектеп директоры  Шаймерденов С.Д

ІІІ. «Әлімжеттік дегеіміз не?» психолог Шадетхан А.

ІV.Дудакаэр ойыны.тәрбиеші Урикбаева Ж

  1. Маман ата-анадан ақыл-кеңес.психолог. Жунусова А.Ж.

VІ. Қорытындылау

 

Кіріспе сөз.

Қазіргі кезең ақпараттық технологиялар кезеңі. Сондықтан кез-келген ақпарат өте жылдам, тез тарайды. Осы орайда түрлі әлеуметтік желілерде, ақпараттық сайттарда буллинг құрбаны болған мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің балалары жайлы ақпараттар да таралып жататыны жасырын емес. Осындай келеңсіз жайттардың алдын алу мақсатында «Салтанат-Эль»  бөбекжай бақшасында «Әлімжеттік және балалар қауіпсіздігі» тақырыбында ата-аналармен семинар-кеңес қажет деп есептейміз.

І.Амандасу.

Мақсаты: Ата-аналарға ерекше көңіл-күй сыйлау мақсатында көңілді әуен арқылы барлық ата-аналар педагогтармен амандасып шығады. Амандасуды белгілі бір суреттерді таңдау арқылы жасайды.

 

ІІ.Алғы сөз мектеп  директоры Шаймерденов С.Д  беріледі.

 

ІІІ. Әлімжеттік деген не? психолог Шадетхан А.

Ең алғашқы әлімжеттік балабақшадан бастау алады. Өйткені, балабақша – баланың өзгелермен араласып, дос табуына жол ашатын орта. Кейде топтасқан балалар өздеріне ұнамаған баланы қатарларына қоспай, шеттетуі мүмкін. Ал бұл әлімжеттіктің алғашқы белгілері.Әлімжеттікке ұшыраған баланың мінез-құлқы өзгеріп, қызығушылығы жоғала бастайды, тұйықталады. Бала стрессте жүреді. Әлімжеттікке қай жерде ұшыраса, сол жерге барғысы келмейді. Мысалы балабақшаға барғысы келмейді, аулаға шыққысы келмей, тығылып жүреді, қашқақтайды. Бұл – өте ауыр стресс. Бала әртүрлі нәрседен қорқады. Жиі ойланып, уайымға салынады. Балабақшаға бермес бұрын алдын ала дайындау керектігін айтты.Ең бірінші балабақша туралы ақпарат бергені жөн. Яғни балабақшада не істейтінін, қандай орын екенін балаға түсіндіру қажет. Содан кейін өзінің жұмыс істейтінін, одан шыққан соң бірден баласын алып кететінін де айтуы керек. Ата-ана мұны жай ғана түсіндіріп қана қоймай, эмоциясын көрсете білуі де керек. Сол кезде бұл ақпараттар балаға қызық әрі түсінікті болады. Балабақша туралы қызық мәліметтер естіген бала енді оған баруға асығады. Балабақшада балаларды бір-біріне саналы түрде жанашырлық таныту ға, қамқор болуға үйрету керек», — деп кеңес берді психолог.

Балабақшадағы әлімжеттік

Балабақшадағы зорлық-зомбылық мектептегі зорлық-зомбылықтан ерекшеленеді. Шынында да, балабақшада қорлау жағдайлары жиі кездеседі. Бұзақылық әртүрлі себептермен жүзеге асырылуы мүмкін: бойы қысқа, немесе керісінше ұзын, әдемі сәнді киім, топқа жаңадан келген бала немесе жай ғана зерігуден және т.б.. Себебі әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оның мәнін өзгертпейді, жәбірленушіге ауызша және физикалық түрде шабуыл жасалады. Бастауыш сыныпта әлімжеттік топтық сипатта болса, балабақшада оны жеке балалар жүзеге асырады.Мектеп жасына дейінгі балалар өз әрекеттерін толық түсінбейді. Бала оның салдарын білмейді және өзін кінәлі сезінбейді. Кез келген бала қорлаудың құрбаны болуы мүмкін.

Әлімжеттік құрбаны болатын баланың негізгі белгілері:

  • өзін-өзі төмендете бағалауы,
  • ұялшақтық,
  • тұйықтық,
  • қорқақтық
  • айналада болып жатқан оқиғаларға қызығушылық танытпау, құрбыларының арасында кем дегенде бір жақын досының болмауы, барлық жағдайға көнгіш.

Әлімжеттіктің алдын-алу

Мұндай жағдайдағы ата-аналар балаға түрлі теріс тәрбие береді: ата-ананың біреуі балаға  агрессияға агрессиямен жауап беруге үйретеді, яғни күш қолдануға ақыл-кеңес береді немесе өз бетінше шешуге кіріседі немесе балабақшада болса ол жағдайды тәрбиешіге шағымданып айтады.Ата-аналар сіздер түсінулеріңіз керек, егер бала балабақшада әлімжеттіктің құрбаны болса, онда тәрбиешіге немесе психологқа хабарласуы керек.

Үш жасында балалар бірін-бірі мазақтай бастайды, ал бес-алты жаста атын мазақ қылып шақыру пайда болады. Оның себептер ересектерге еліктеу, өзін-өзі жоғары санау және назар аудару әрекеттері болуы мүмкін. Ата-аналар балалардың үлкендерден үлгі алатынын түсінуі керек және баланың сөйлеу мәдениеті мен мінез-құлқын қадағалау керек.Мектеп жасына дейінгі балалар барлығын жылдам түсінеді. Көбінесе ата-аналар өз сөздерінде балағат сөздерді қолданғанда мұны ескермейді. Олар баланың әлі кішкентай екеніне және бұл сөздердің мағынасын түсінбейтініне өкінеді, бірақ шын мәнінде, бала құрдастарымен қарым-қатынаста қолданатын ұятсыз сөздерді жадында сақтайды. Балаңызды басқа адамдардың мінезіне шыдамдылықпен қарауға үйретіңіз. Баланы ұрып-соғу, итеру, ойыншықтарын алып тастау немесе оған агрессивтілік таныту – бұл әлімжеттік. Кейбір балалар өз-өзіне сенімді, күшті моральдық және физикалық қасиеттерінің арқасында басқаларды бағындыратын, үстемдік ете алатын болса, ал кейбір балалар тез әлімжеттіктің құрбаны болады, ол балалардың өзін-өзі бағалауы төмен, күйзеліске өте сезімтал және өзін-өзі қорғай алмайды.

 

Әлімжеттікке ұшыраған балаға қалай көмек бере аламыз?

Әлімжеттікке ұшыраған баланы ата-аналар мен тәрбиешілер бірлесіп құтқаруы керек. Сонда ғана бұл іс жеңіл түрде шешілетін болады. Біреуден қысым көрген бала өзгенің қорғауына мұқтаж болып келеді. Әлімжеттік баланың бойына өте ауыр травма қалдырады. Бұған ата-ана міндетті түрде көңіл бөліп, назар аударуы керек. Әлімжеттікке ұшыраған баланың санасы тез қалыпқа келеді. Тек ата-анасы мен жақындарының үздіксіз қолдау білдірсе жеткілікті. Баланың травма алуы да, сол травманы жеңуі де өте оңай.Бұл жағдайда ата-аналар топтағы жағдайды зерттеп, мұғалімнен және олардың баласынан, сондай-ақ басқа ата-аналардан ақпарат жинауы керек. Спектакль арқылы үйдегі жанжалды жағдайларды ойнауға болады. Жағдайды сахналау арқылы сіз балаңызға дұрыс сөз тауып, дұрыс әрекет етуге үйретесіз. Балаңызбен жиі сөйлесіңіз. Құрдастарын қонаққа шақырыңыз. Ойын алаңдарына барып, балаңызға балалармен жиі араласуға мүмкіндік беріңіз. Бала қарым-қатынас жасауды үйренуі керек.Егер балалар баламен ойнамаса, онда мәселе оған байланысты болуы мүмкін. Әртүрлі топтарда бала бірдей проблемаларға тап болады. Егер ата-аналар баланың балалармен қарым-қатынас жасауы қиын екенін байқаса, онда психологқа хабарласу керек. Көбінесе балалар қарым-қатынас жасауды білмейді, оларда әлеуметтік және коммуникациялық дағдылар қалыптаспаған. Негізгі себептері: бала ұялшақ, агрессивті, сырт келбеті басқалардан ерекше, бұзылған, сөйлеу бұзылыстары, отбасындағы проблемалар. Егер бала қорлаудың құрбаны болса, күтпеңіз, бірақ әрекет етіңіз, өйткені қорқытылған бала ауыр күйзеліске ұшырайды, бұл кейіннен психологиялық жарақатқа әкеледі.

ІV. Дудакаэр. тәрбиеші Урикбаева Ж. С

Арнайы суреттер арқылы ата-аналар өздерінің ойларымен жеке пікірлерімен және бала тәрбиесіндегі лайфхактарымен бөлісуді сұрау.

 

  1. Маман ата-анадан ақыл-кеңес.психолог. Жунусова А.Ж.

Ата-аналар арасынан өрт сөндіруші және медбике мен полиция қызметкерлерінен балалар қауіпсіздігіне байланысты ақыл-кеңестер мен нұсқаулар алу.

 

VІ. Қорытындылау.тәрбиеші Бекмуратова Н.М

Ата-аналарға арнайы сұрақтар бар тәттілер таратылады. Сұрақтар арқылы ата-аналармен семинар кеңесті қорытындылау. Жылы лебіздер мен семинардан алған әсерлері немесе ойларын сұрау.

Сұрақтар

1.Әлімжеттік дегенді қалай түсіндіңіз?

2.Балабақшадағы әлімжеттіктің куәгері болдыңыз ба?

3.Бүгінгі семинардан алған ойыңыз немесе әсеріңіз?

4.Қалай ойлайсыз, әлімжеттіктің алдын-алу мүмкін бе?

5.Бала тәрбиесінде сіз қолданатын лайфхактар немесе әдіс-тәсілдер?

6.Балалардың қауіпсіз өмірі ол қандай?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Достармен бөлісу
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Теңдік орта мектебі» КММ