Консультациялық пункт — «Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Теңдік орта мектебі» КММ

Консультациялық пункт

Балам — өмірімнің гүлі

Ата-аналармен семинар-тренинг

 

 

 

  

 

Өткізген: шағын орталық психологы: Шадетхан А.

 

     Мақсаты: Балабақша мен ата-аналар байланысын, отбасындағы тәрбиенің рөлін арттыру. Ата-аналардың қарым-қатынасын жақсарту. Бала тәрбиелеуде ата-аналарға кеңес беру және түзету-дамыту жұмысын жүргізу. Ата –анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Баланың бойындағы жасырын қасиеттерін ашуда ана-атаның рөлін түсіндіру.

Амандасу:Түрлі қимылдар арқылы барлық ата-аналармен амандасу.

Мақсаты: Барлық ата-аналарды семинар тренингке қатысуға шақыру арқылы амандасу. Ата-аналар бір-бірлерімен жақсы жағымды энергиямен алмасу.

«Біз дайынбыз ба?» тренинг

Мақсаты: Бірігіп жұмыс жасау үшін ата-аналарды ұйымшылдыққа дайындау.

Шарты: Ата-аналармен қол ұстасып, шеңбер арқылы шарды құлатпай шеңбер ішінде ұстау.Тапсырмалар беру арқылы ойынды қиындату. Шеңбер бойымен айналу және кері айналу.

«Тез-тез жауап бер»

  1. Бала сіз үшін кім? (Б әрпінен басталатын сөздер айту)
  2. Балаңызды еркелеткенде кандай сөздер айтасыз?
  3. Балаңыз сізді ренжітті, сіздін іс — әрекетініз.
  4. Сіздін бойыңызда, сіздін ойыңызша кандай жақсы қасиеттер бар?
  5. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде балабақша жауапкершілігі басым ба?
  6. Балаларда қызғаныш, өзімшілдік мінездің калыптасуы неден?
  7. Балаларыңыз игілік (жақсы) істер істесе, оларды калай

мадақтайсыздар?

«Үш тілек» әдістемесі

Нұсқаулық: бұл әдістемені өткізудегі міндетті шарт — баламен сенімді

 

әнгімелесу. Оған: «Сенін қолында сиқырлы гүл бар екен деп ойла.

Бұл гүлдің сенің қалаған тілектеріңді орындайтын 3 жапырақшасы ғана бар. Бірінші жапырақшасын жұлып, бірінші тілегінді ойла, екінші жапырақша — екінші, үшіншісі — үшінші», — деп балаңызға айтыңыз. Бұл әдістемені ата-анаға жүргізіп, бала кездегі 3 арманын сұрау. Ата-аналарды балалық шаққа апару арқылы, түзету-дамыту, кеңес беру жұмыстарын жүргізу.

Трубочкалармен “Мені жерде қалдырма” тренингі.
Мақсаты: Ата ана баласының аты жазылған қағазды трубочкамен өзі отырған орынға дейін қолын тигізбей апару керек. Біз оны баланың жетістікке жету жолы деп санаймыз. Мысалы: ата аналар бірнеше рет

құлатып алады, қайтып көтереді. Соңында бәрібір орындарына дейін алып барады. Яғни білім шыңына шығуда немесе жеңіске жетуге бала қиналады. Ата — ананың сенімі, қолдауы арқасында жығылып жатқан бала қайтадан орнынан тұрып әрекет жасайды.

«Құрметті ата-аналар іштегі ашуын, ызасын, жағымсыз жиналған энергиясын кім шығарғысы келеді?» деп, сұрақ қою арқылы ата-аналарды тренингке шақыру.

Үрлеу тренингі ата-аналардың ішкі агрессиясын шығару атты жаттығудың түрі.

Мақсаты: Ата-анарларға үрлеу арқылы іштегі ашу, ызаны шығару, жағымсыз жиналған агрессиямен күресу.

Ойын шарты: Үрлеу арқылы жіпке тізілген пластмасс стакандарды межеге жетікізу.

 «Гүл» әдісі.

Мақсаты: Баланың бойындағы жасырын қасиеттерін ашуда ана-атаның рөлін түсіндіру. Отбасындағы бала тәрбиенің рөлін арттыру.

Шарты: Гүлдің ортасына әр ата-ана өз баласының есімін жазып, ал гүлдің күлше жапырақшасына сол баласының жақсы қасиеттерін, жақсы қылықтарын жазады.

Ата-аналармен талдау: Мысалы, ата-аналар өз баласының жақсы қасиеттерін ашуда қолдау білдіріп, бала күшіне сенсе. Ата-ана өз қолдауын жасаса, баланың бойындағы жасырын жақсы қасиеттері мен қабілеттері сыртқа шығар еді.

«Отбасылық құндылық ағашы»

Нұсқау: Мына Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздердің отбасылық құндылық ағашыңыз. Алдын-ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылан карточкалар таратылып беріледі. Оларды ағаштын тамырына, дініне, бұтақтарына орналастыру керек. Тамыры сіздін ең негізгі отбасылық құндылык болып есептеледі, ағаштың дініне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірак, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды

орналастыру керек. Берілетін уақыт 7-8 минут.

Берілетін отбасылық құндылықтар:

 

Мықты денсаулық

Ағайындарына, достарына ашык есік

Ауызбіршілік

Ортақ қызығушылық

Бір-біріңіздің жұмысына араласпау

Қамқорлық

 

 

Тәртіп

Бос уақытыңызды бірге өткізу

Сенімділік

Ата-ананын сөзі заң

Ата-ана отбасының үлгісі

Әлеуметтік жағдай

Отбасылық сыйласымды    қарым-қатынас

 

 

Махаббат

Ақылдылық

Шынайлылық

Көрегендік

Әдептілік

Ұстамдылық

Сенімділік

Адалдық

Мейірімділік

Жауапкершілік

Беріктік

Сабырлылық

Мәдениеттілік

Адамгершілік

Түсіністік

Сырт көзге үлгі болу

Береке

Үлкенге — ізет, кішіге — құрмет

Көп бала

 

Соңынан үлкен бәйтерек ағашы шығуы керек. Шыққан суретті өздері қорғап шығады.

Губканың суретін көрсету арқылы оның кандай қасиеті бар екенін ата-аналардан сұрау. Ата-аналардың берген жауаптарын талдау арқылы «губка» әдісін жүргізу.

Мақсаты: Ата-ананың бала өміріндегі рөлін түсіндіру.Ата-ананың бала

тәрбиесіндегі маңыздылығы.

Шарты: Стакан су — ата-ана

Бала — губка

Жылы түс: сары

Салқын түс: қара

Ата-ананың жағымды және жағымсыз қасиеттерін кезек-кезек айту арқылы жылы және салқын түстерді суға араластырамыз. Губканы стаканға салып нәтижесін ата-аналармен талдаймыз.

Талдау: Мысалы барлық суды губка өзіне сіңіріп алады. Бала ата-ананың барлық қасиеттерін өзіне сіңіріп алады.Бала ата-ананың айнасы,

көргенін жасайды. Демек баланы тәрбиелемес бұрын өзімізді тәрбиелеуіміз керекпіз.Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді.

Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімізді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!

 

 Бала сіз үшін кім?

(Б әрпінен басталатын

сөздер айту)

 Балаңызды еркелеткенде кандай сөздер айтасыз?

 Балаңыз сізді ренжітті, сіздін іс — әрекетініз.

 Сіздін бойыңызда, сіздін ойыңызша кандай жақсы қасиеттер бар?

 Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде балабақша жауапкершілігі басым ба?

 Балаларда қызғаныш, өзімшілдік мінездің калыптасуы неден?

 Балаларыңыз игілік (жақсы) істер істесе, оларды калай мадақтайсыздар?

Достармен бөлісу
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Теңдік орта мектебі» КММ